Печать
Просмотров: 54
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы мен қасиетті Шәууәл айының құрметіне орай кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
 
Игі шара аясында қалалық «Ар-Рахман» мешітінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы 35 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 1 000 000 теңгені құрады.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – мешіт жамағаты мен демеушілердің қолдауымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан игі бастамалардың бірі. Мұндай шаралар қоғамдағы мейірімділік пен бірлікті арттыруға үлкен үлес қосуда.