ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы өкілдігі «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі іс-шара қасиетті Ораза айт мерекесіне орай өткізілді. Шара аясында ерекше күтімді қажет ететін балаларды өсіріп отырған төрт отбасыға жалпы сомасы 800 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Яғни, әр отбасыға 200 000 теңгеден арнайы сертификаттар табысталды.
Қайырымдылық жобаның басты мақсаты – қоғамда әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға үміт сыйлап, мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Шараға қатысқан азаматтар бұл көмектің отбасы үшін үлкен демеу екенін атап өтті.
Зекет қорының Қарағанды облысы өкілдігі осындай шараларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.