Печать
Просмотров: 611

Құранда Алла Тағала жақсылық жасаған жанға жақсылық жазатын айтқан. Алайда, ондайды ең алдымен Раббымыздың разылығы үшін ниет етіп істеген дұрыс. Сонда бәрін берген Алла Тағала Өзі сыйын еселейді.

Сайрам ауданы Аққала ауылдық мешітінің имамы Кәрімжан Ризақұловтың ұйымдастыруымен жомарт азаматтар мұқтаждарға көмек берді. 5 отбасыға азық-түлік жеткізілді.

Облыста өткізіліп жатқан түрлі қайырымдылық шараларына қатысуға шақырамыз. Алланың парыз еткен зекетін мешіттердегі зекетшілерге тапсырған – сүннет.

Сонда сенімді қолға түскені болады. Көпшіліктен жиылған зекеттерге баспанасыздарға үй беріледі.

Сайрам аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі