ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының 1 курс студенттеріне арнайы дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы – «Зекет және сауда» болды.
Шара барысында Мақсатбек Қайырғалиев зекеттің шариғаттағы орны мен әлеуметтік маңызына тоқталып, заманауи сауда қатынастарында зекет есептеу тәртібін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелік мысалдар келтірді.
– Зекет – мұсылман қоғамының әл-ауқатын арттыратын маңызды қаржылық құлшылық. Оны дұрыс түсініп, дұрыс орындау – әрбір мүминнің міндеті, – деді ол дәріс барысында.
Бұл кездесудің мақсаты – болашақ дін мамандарының зекетке қатысты білімін тереңдетіп, ел ішінде қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.