Печать
Просмотров: 202
Елордада «Балаларды оңалтудағы инновациялық тәсілдер: Технологиялардан нәтижелерге дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға елімізден және шет елдерден жетекші ғалымдар, медицина мамандары, оңалту саласының сарапшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
 
Аталған маңызды жиынның ұйымдастырылуына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры қаржылай қолдау көрсетті.
 
Конференция жұмысына Қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев арнайы қатысып, оңалту саласындағы тың жаңалықтармен танысып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
 
«Балалардың денсаулығы мен болашағы – елдің ертеңі. Біз әрдайым осындай игі бастамаларға атсалысуға дайынбыз. Қорымыздың басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік әлсіз топтарға нақты көмек көрсету», – деді Мақсатбек Қайырғалиев.
 
Іс-шара барысында түрлі инновациялық оңалту технологиялары таныстырылып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.