Печать
Просмотров: 42

Астана қаласында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры екі бірдей қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, 140-тан астам балаға қуаныш сыйлады.

«Пригород» шағын ауданында өткен алғашқы іс-шарада 100-ден астам балаға тегін ыстық ас пен балмұздақ таратылып, түрлі мерекелік көңіл-күй сыйланды. Қайырымдылық қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев белсенділік танытып жүрген 5 жас еріктіге алғыс хаттар мен арнайы жилеткалар, сондай-ақ «Зекетай» тәттілерін табыстады.

Шара аясында ерекше әрі есте қаларлық сәттердің бірі – 1 жасқа толған сәбидің тұсауын Қор директорының өзі кесіп, ақ батасын берді.

Сол күні «Зекет және қайырымдылық» қоры «Қорғау Астана» дағдарыс орталығында да қайырымдылық шарасын өткізіп, қиын жағдайдағы отбасылардан шыққан 40 балаға қуаныш сыйлады. Балаларға тәттілер, пицца, шарлар мен түрлі дәмді тағамдар тарту етілді. Сонымен қатар, орталықтың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу үшін пияз, сәбіз, ұн, май сынды азық-түлікпен көмек көрсетілді.

«Зекет және қайырымдылық» қоры мұндай шараларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға зор үлес қосып келеді.