Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы аясында "Зекет және қайырымдылық" қорының қолдауымен көмек алған мекемелер мен қоғамдық ұйымдар қор ұжымына өз алғыстарын жеткізді.
Іс-шара елордадағы "Зекет Хаб" орталығында өтті. Жиынға әлеуметтік көмекпен қамтылған қайырымдылық мекемелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып, аталған игі іске ризашылықтарын білдірді.
Құрбан айт күндері Зекет қорының бастамасымен көптеген мұқтаж жандар мен әлеуметтік осал топтарға құрбандық еттері таратылды.
Бұл — қоғамдағы жанашырлық пен бірлікті арттыратын маңызды қадамдардың бірі.

"Зекет және қайырымдылық" қоры осындай шараларды алдағы уақытта да жалғастырады.