Печать
Просмотров: 60
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры құрбандық етін мұқтаж жандарға үлестірудің жаңа әрі тиімді жүйесін іске қосты.
 
Жаңа тәсіл арқылы көмек алушылардың өтініші жедел қабылданып, қажетті құжаттар рәсімделіп, үлестірілген ет мұқтаж жандарға бірден табысталады. Бұл жаңашылдық қайырымдылық шарасын тиімді ұйымдастырып, ұзын-сонар кезекті болдырмауға сеп болды.
 
«Менің мүмкіндігі шектеулі балам бар еді. Оны үйде қалдырып, осында өзім ет алуға келген едім. Мұндағы қызметкерлер бәрін шұғыл, жедел атқарды. Етімді тез алып, балама асығып, үйіме қайтып бара жатырмын. Осындай жанға жайлы, жедел қызмет үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді ет алған мұқтаж әйел.
Құрбан айт аясындағы құрбан шалу және ет тарату жұмыстары елордадағы Zeket Hub орталығында жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Етті қабылдау, сұрыптау және үлестіру ісіне қор қызметкерлері мен еріктілер белсенді түрде атсалысуда.