Астана қаласындағы "Zeket Hub" орталығында Құрбан айт мерекесіне байланысты ұйымдастырылған бас ұйыту рәсімі үлкен жауапкершілікпен өткізілді. Мұндағы басты мақсат – Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, ысырапшылдыққа жол бермеу.
«Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдерінің айтуынша, бас ұйытылған соң, ол ешқайда тасталмай, керісінше, еттермен бірге мұқтаж жандарға таратылды. Бұл шара – дәстүр мен шариғат талаптарын сақтаумен қатар, қоғамдық жауапкершілікті де арттырып отыр.
"Zeket Hub" өкілдері аталған игі іс-шараның басқа өңірлерге де үлгі болатынын атап өтті.