Печать
Просмотров: 66

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Астана қаласы маңындағы Пригород шағын ауданында орналасқан Zeket Hub Express орталығында қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шара аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. Көмек алған азаматтар қор өкілдеріне алғыстарын білдіріп, шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Қор тарапынан өткізілген бұл игі іс-шара мұқтаж жандардың жағдайына бейжай қарамай, қоғамда қайырымдылық мәдениетін насихаттауға бағытталған.