Печать
Просмотров: 75

Астана қаласында Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының алғашқы түлектері салтанатты түрде куәліктер алып, ел қызметіне жолдама алды. Осы игі оқиғаға орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры аталған білім ордасына 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

Сертификатты табыстау рәсімінде Қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев институт басшысы Бағдат Манабаевқа Зекет қоры атынан қаржылай көмекті ресми түрде табыс етті. Бұл игі бастама — еліміздің діни білім беру жүйесін дамытуға қосқан нақты үлес әрі шәкірт тәрбиелеу жолындағы маңызды қолдау.

Айта кетейік, Сығанақи институтының алғашқы түлектеріне арналған салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркия мен Мысыр елшіліктерінің өкілдері, зиялы қауым мен еліміздегі белгілі дінтанушылар қатысты. Олар түлектерге ізгі тілектерін білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.