Печать
Просмотров: 20

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ауыр дертпен күресіп жүрген Индира Жылқайдарованың шетелдегі еміне қажетті қаржылай көмек көрсетілді.

Қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев науқасты Астана халықаралық әуежайынан Түркия еліне өзі арнайы шығарып салып, сапары сәтті өтіп, емі нәтижелі болуына тілектестік білдірді.