Печать
Просмотров: 24

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» игі жобасы Маңғыстау өңірінде жалғасуда.

Бүгін аталмыш жоба аясында Маңғыстау облысында 5 дін қызметкеріне жаңа пәтердің кілттері табысталды. Игілікті істің рәсімі салтанатты түрде өтіп, баспананың кілттерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы табыстады.


«Ел үлесі – пәтерге» жобасы еліміз бойынша мыңдаған отбасыға қуаныш сыйлап келе жатқан белсенді қайырымдылық бастамаларының бірі. Бұл жолы Маңғыстауда табысталған 5 пәтер де – елдің ортақ үлесі мен жүрек жылуының жемісі.

WhatsApp Image 2025-11-20 at 10.51.03.jpegWhatsApp Image 2025-11-20 at 10.51.03 (3).jpegWhatsApp Image 2025-11-20 at 10.51.02 (1).jpegWhatsApp Image 2025-11-20 at 10.51.03 (2).jpegWhatsApp Image 2025-11-20 at 10.51.03 (1).jpeg