Печать
Просмотров: 21

«Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілдері елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене атсалысты.

Игі шара барысында мешіт аумағы, медресе маңы, көшелер мен зираттардың айналасында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Қор қызметкерлері мен еріктілер бірігіп, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Бұл бастама – табиғатты аялауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамға өнеге көрсетуге бағытталған маңызды қадам. Қор өкілдері мұндай шаралардың тұрақты түрде жалғаса беретінін, әрбір азаматты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыратындығын атап өтті.

WhatsApp Image 2025-11-20 at 10.54.34 (1).jpegefa24182-f6a1-4bde-9016-cc8ed9091529.jpeg

4c3790f4-7eda-4e67-8360-3d65a9dda3ab.jpegd5d5f7aa-5933-4893-9521-e01e0994af52.jpeg1f3dfb4e-a59f-465d-9da7-17574a7de629.jpeg