Печать
Просмотров: 23

«Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы ауыр дертпен күресіп жүрген жандарға қолдау көрсету міндетін абыроймен жалғастыруда. Бүгін аталған жоба аясында күрделі жағдайға тап болған Әлия Оразғалиқызына қаржылай көмек көрсетілді.

Әлияның екі бүйрегі қызмет етпей, қазіргі уақытта І топ мүгедектігіне тіркелген. Осыған байланысты оның еміне қажетті қаражат жинау мақсатында игі бастама ұйымдастырылып, қоғам тарапынан кең қолдау тапты.

Жоба нәтижесінде 500 000 теңге көлемінде көмек табысталды. Бұл – қоғамның бірлігі мен бауырмалдығының, жомарт жүректің айқын көрінісі.