Печать
Просмотров: 16

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық қорының» бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды облысындағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жабдықтар табысталды.

Тарту етілген жабдықтар балалардың сенсорлық қабылдауын дамытуға, күнделікті өмірлік дағдыларын жетілдіруге және оңалту үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Игі шара барысында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілдері арнаулы орталық ұжымымен кездесіп, мекеменің атқарып отырған жұмыстары және балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қызметтермен танысты.

Кездесу барысында тараптар әлеуметтік қолдаудың маңыздылығына тоқталып, ерекше қажеттілігі бар балаларға жан-жақты қамқорлық көрсету – қоғам алдындағы ортақ міндет екенін атап өтті.

Өз кезегінде арнаулы орталықтың басшылығы мен ұжымы қайырымдылық шараны ұйымдастырып, жүзеге асырған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» басшылығына, сондай-ақ игі іске үлес қосқан барша жомарт жандарға ризашылықтарын білдірді.

big_AEasyJJjChGXOOS0GxXD.jpg

big_rFhxOZlJE2TDGJJEq4Qh.jpgbig_KtQH2mD2i63kkCVrL6dW.jpgbig_15sMld8Tch2pN3DgYnPJ.jpg