Печать
Просмотров: 15

Астана қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлының қатысуымен жұмыс жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты – қайырымдылық есептілігін жүйелеу және мұқтаж жандардың ортақ цифрлық базасын қалыптастыру арқылы көмектің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ету болды.

Жиналысқа Астана қаласы филиалының директоры, бас есепшілер және елорда мешіттерінің қайырымдылыққа жауапты мамандары қатысты.

Жиында өңірлік өкілдіктерден барлық есептерді тек бастапқы құжат негізінде рәсімдеп, орталыққа уақтылы жіберу және процесті қатаң бақылау қажеттігі айтылды.

Аталған шаралар 2026–2028 жылдарға арналған Цифрлық даму тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

 

d34974b2b4bd0060da2f8c5308df24ba.jpeg

c9c2ef5eb619d53502f2c34916e70e39.jpeg

1f7e478041da43ddbc8b59c681370b05.jpeg