Печать
Просмотров: 12
Қарағанды облысы, Теміртау қаласының  имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен Теміртау қаласында игі шара ұйымдастырылды. Қасиетті Рамазан айында жолда қалып қойған жолаушыларға қол ұшын созу мақсатында мешітте ауызашар дастарқаны жайылды.
 
Шара барысында жолда қалған азаматтар мешітке шақырылып, барлығы бір дастарқан басына жиналып, ауыз ашты. Бұл игі іс Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа толы қасиетін насихаттап, жолаушыларға рухани қолдау көрсетуді мақсат етті.
 
Осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты арттырып, Рамазан айының берекесін сезіндіреді.