Печать
Просмотров: 13

Рамазан айының берекелі күндерінде «Зекет және қайырымдылық» қоры Түркия Республикасы Елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі, Түркия Диянет қорының өкілі Юсуф Аккуш мырзамен бірлесіп қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Игі бастама аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында 300 отбасыға көмек көрсетілді. Оның ішінде 200 отбасыға ауызашарға арналған арнайы себеттер таратылып, тағы 100 отбасыға қажетті азық-түлік жеткізілді.

Бұл көмек Рамазан айында әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардың дастарханына береке сыйлап, олардың қуанышына ортақ болуға бағытталды. Қайырымдылық шарасы қоғамдағы мейірім мен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.

IMG_5969.JPG.jpegIMG_5975.JPG.jpegIMG_5972.JPG.jpegIMG_5977.JPG.jpegIMG_5976.JPG.jpegIMG_5974.JPG.jpegIMG_5973.JPG.jpegIMG_5971.JPG.jpegIMG_5970.JPG.jpeg