Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қарағанды облысына жасаған іссапары аясында облыстық Әнет баба мешіті мешітінде өткен «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты.
Игі шара барысында қор директоры ауыр дертке шалдыққан Керейбаева Ляззат есімді азаматшаның еміне 2 000 000 теңге көлеміндегі қаржылай сертификатты табыстады. Сонымен қатар, науқастың тезірек сауығып кетуін тілеп, Алла Тағаладан дертіне шипа сұрады.
Қайырымдылық шарасына арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы сауапты іске үлес қосқан барша дін жанашырларына алғыс білдірді. Сондай-ақ көмек алған жандарға насихат айтып, сабыр мен үміттен айырылмауға шақырды.
