Печать
Просмотров: 20

Түркістан: Жетісай ауданында 250 отбасыға көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық марафоны бастау алған болатын. Осы игі бастама аясында Түркістан облысы Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» бөлімі мен «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен, жергілікті демеушілердің қолдауымен қайырымдылық шарасы өтті.

Шара барысында 250 отбасыға 10 келіден ет таратылды.

Қайырымдылық шарасын Жетісай ауданының бас имамы Бағдат Шаймерден қасиетті Құран оқумен бастап, дүниеден өткен марқұмдарға дұға жасады. Сонымен қатар, игі іске үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіріліп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – қоғамдағы бірлік пен жанашырлықтың көрінісі екені атап өтілді.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.