Печать
Просмотров: 23

Түркістанда балаларға «Рамазан сыйы» таратылды

Түркістан қаласында Түркістан Ахмет Яссауи мешітінің ұйымдастыруымен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысы өкілдігіне қарасты Зекет қорының бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Аталған шара аясында Түркістан аумақтық балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-де тәрбиеленіп жатқан 60 балаға қасиетті Рамазан айының құрметіне арнайы дайындалған «Рамазан сыйы» табысталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қасиетті айда балаларға қуаныш сыйлау, олардың жүрегіне мейірім мен жылулық ұялату, сондай-ақ қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау.

Шара барысында балаларға мерекелік көңіл күй сыйланып, оларға түрлі сый-сияпаттар берілді. Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.