Печать
Просмотров: 12

Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ұсынысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дайындық бөлімінде білім алып жатқан шетелден келген 297 қандас студентке арналған ауызашар дастарханы жайылды.

Игі шара Халықаралық еріктілер жылы аясында және қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылып, «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен жүзеге асты.

Ауызашар барысында студенттердің әлеуметтік жағдайы ескеріліп, оларға рухани әрі материалдық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын 10 студентке бір реттік шәкіртақы тағайындалып, табысталды.

Бұл бастама жастарға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың сапалы білім алуына және болашақта ел дамуына өз үлесін қосуына мүмкіндік береді.

 

photo_5318920506650072153_w.jpgphoto_5318920506650072011_w.jpgphoto_5318920506650072148_w.jpgphoto_5318920506650072150_w.jpg

photo_5318920506650072015_w.jpg

photo_5318920506650072023_w.jpgphoto_5318920506650072006_w.jpgphoto_5318920506650072009_w.jpgphoto_5318920506650072004_w.jpg