Абай облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Аталған игі шара аясында жалпы сомасы 1 400 000 теңге көлемінде көмек көрсетіліп, 7 отбасыға 200 000 теңгеден қаржылай қолдау берілді.
Көмек алған отбасылар – денсаулығында қиындықтары бар, ауыр дертке шалдыққан, әлеуметтік аз қамтылған және науқас бала тәрбиелеп отырған жандар.
Бұл бастама – қайырымды жандардың қолдауының арқасында жүзеге асып, мұқтаж отбасыларға үміт сыйлаған игі іс болды.



