Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. Ақтөбе облыстық орталық «Нұрғасыр» мешітінде 70 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Бұл игі шара – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, Рамазан айының мейірімі мен берекесін бірге сезіндірудің жарқын көрінісі.
Қайырымдылық іс-шарасына Ақтөбе облысының бас имамы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсатұлы арнайы қатысып, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін жеткізді.
Осындай сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Рамазан айындағы игі істер көбейіп, әрбір шаңыраққа береке мен қуаныш әкелсін!

