2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай Neuro Club оңалту орталығы ерекше балалар тәрбиелеп отырған 4 мұқтаж отбасыға 1 айлық тегін емдік-сауықтыру қызметінің сертификаттарын табыс етті.
Іс-шара барысында мерекелік дастархан жайылып, балаларға арнайы сыйлықтар ұсынылды. Бұл бастама ерекше балалардың денсаулығын нығайтуға, олардың қоғамға бейімделуіне және әлеуметтік қолдауды арттыруға бағытталған.
Қайырымдылық шарасы Зекет және қайырымдылық қорының “Өмірге үміт сыйла” жобасы арқылы ұйымдастырылды.







