Печать
Просмотров: 14

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапары аясында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти оқу орнына Зекет және қайырымдылық қоры тарапынан 10 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстады. Аталған қаражат зекет есебінен бөлініп, университетте жүзеге асырылатын білім беру және ғылыми жобаларды қолдауға бағытталмақ.

Шараға университет ректоры, доктор, профессор Ахмет Хусейн Мұхаммад Ибраһим мен оқу орнының проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысып, қайырымдылық көмектің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында тараптар діни білім беру ісін дамыту, жас мамандарды қолдау және игі бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ