Хусамуддин ас-Сығанақи ислам институтының студенттері “Zeket Hub” қайырымдылық орталығымен танысып, практикалық іс-тәжірибеден өтті. Кездесу барысында орталықтың қайырымдылық және кәсіп үйрету бағытындағы жұмысы кеңінен түсіндірілді.
Ер балаларға арналған жиһаз жинау және дәнекерлеу мамандықтары, ал қыз балаларға тігін ісі, DTF баспа технологиясы, мобилография және SMM бағыттары бойынша оқыту мүмкіндіктері таныстырылды.
Сонымен қатар, практика барысында студенттер зекет жүйесін ұйымдастыру тетіктерімен танысып, қайырымдылық іс-шараларын үйлестіру және халықпен тікелей жұмыс жүргізу бағытында тәжірибе жинақтады. Бұл тәжірибе болашақ мамандардың теориялық білімін практикамен ұштастырып, кәсіби дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Жалпы жоба аясында студенттер орталықтың жұмысымен жан-жақты танысып, алғашқы тәжірибелік қадамдарын жасады.








