Печать
Просмотров: 48

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай, экологиялық ахуалды жақсарту және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Павлодар облысында «35 мың түп ағаш егу» республикалық жобасы өз жалғасын тапты.

Шараның басты оқиғасы:
Павлодар өңірінің айтулы тұлғасы, белгілі дін қайраткері Ғабдул Уахит хазіретке арнап ашылған аллеяда 70 түп ағаш отырғызылды.

Игі іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ “QJ” еріктілері, жергілікті мешіт имамдары мен өңірдің белсенді тұрғындары бір кісідей атсалысты.

Бұл бастама – табиғатты түлетуге, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және туған жердің киелі орындарын абаттандыруға бағытталған маңызды қадам.

WhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.12 (1).jpegWhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.12 (2).jpegWhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.11.jpegWhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.11 (1).jpegWhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.11 (2).jpegWhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.11 (3).jpegWhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.11 (4).jpegWhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.11 (5).jpegWhatsApp Image 2026-04-16 at 14.44.10.jpeg