Печать
Просмотров: 13

Еріктілер жылына орай Құрбан айт мерекесі аясында қайырымдылық шараларына белсенді қатысатын еріктілер қатарын арттыру мақсатында арнайы семинарлар өткізу жоспарлануда. Аталған кездесулердің негізгі мақсаты – ет жинау және тарату жұмыстарына жұмылдырылатын еріктілерді алдын ала дайындау, ұйымдастыру тәртібімен таныстыру және жауапкершілік бағыттарын түсіндіру.

Семинар барысында қатысушыларға қайырымдылық шараларын үйлестіру, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету алгоритмі, санитарлық талаптар мен қауіпсіздік ережелері жөнінде ақпарат беріледі.

Сонымен қатар, Құрбан айт шарасына белсенді атсалысқан еріктілерге мереке қорытындысы бойынша арнайы алғыс хаттар табысталып, олардың қоғамдық белсенділігі мен еңбегі жоғары бағаланбақ.

Бұл бастама қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлық құндылықтарын нығайтып, жастардың еріктілік қызметке қызығушылығын арттыруға бағытталған.

WhatsApp Image 2026-05-26 at 09.19.26.jpegWhatsApp Image 2026-05-26 at 09.19.26 (1).jpeg