Печать
Просмотров: 14

Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. 

28 мамыр – Құрбан айттың екінші күні еліміз бойынша жалпы саны 987 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 605 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 637, ешкі – 219, ірі қара – 120, түйе – 11.

Құрбандық еті республика көлемінде 20 811 мұқтаж отбасы мен 855 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!