Печать
Просмотров: 15

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи ислам институтының бітіруші түлектеріне «Зекет және қайырымдылық» қоры тарапынан құрмет көрсетілді. Іс-шара аясында жас мамандарға шапан, тақия және костюм-шалбар сыйға тартылды.

Бұл бастама – діни білім алып, ел игілігі жолында қызмет етуге қадам басқан түлектерге көрсетілген қолдау мен құрметтің белгісі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі іс жас мамандардың жауапкершілігін арттырып, алдағы қызметіне серпін береді.

Сондай-ақ, түлектерге ел мен дін жолындағы еңбектеріне табыс тілініп, олардың білікті маман ретінде қалыптасуына ақжарма тілектер айтылды.

«Зекет және қайырымдылық» қорының қайырымдылық бастамасы көпшілік тарапынан оң бағаланып, түлектерге ақ жол мен жемісті қызмет тіленді.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 12.25.58 (1).jpegWhatsApp Image 2026-06-16 at 12.25.57 (3).jpegWhatsApp Image 2026-06-16 at 12.25.57 (4).jpegWhatsApp Image 2026-06-16 at 12.25.57 (5).jpeg