ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының Zeket Hub орталығында қатысушыларға арналған кезекті оқыту сабағы ұйымдастырылды.
Курс барысында қатысушылар жаңа дағдыларды меңгеріп, тәжірибелік жұмыстар орындап, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Аталған жоба азаматтардың кәсіби қабілеттерін дамытуға, жаңа кәсіпті игеруіне және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.
Қор алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар білім беру және кәсіптік бағыттағы жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.



