ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен Пригород ауылында балаларға арналған ағылшын тілі курсы өз жұмысын бастады.
Курс барысында оқушылар ағылшын тілін меңгеріп қана қоймай, өз білімдерін жетілдіріп, жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады. Ашылу күні балалармен танысу кездесуі өтіп, оқу бағдарламасы мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
Аталған бастама ауыл балаларының білім көкжиегін кеңейтіп, олардың болашақта сапалы білім алуына және тілдік қабілеттерін дамытуына өз үлесін қоспақ.



