Печать
Просмотров: 12

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Астана қаласына қарасты Пригород тұрғын алабындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Ізгі шара барысында мұқтаж отбасылардың үйлеріне арнайы барып, азық-түлік себеттері мен қажетті тұрмыстық заттар табысталды. Сонымен қатар отбасылардың жағдайымен танысып, олардың мұң-мұқтаждары тыңдалды.

Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсетіп, қоғамдағы жанашырлық пен бауырмалдық құндылықтарын дәріптеу.

WhatsApp Image 2026-06-22 at 14.39.20.jpegWhatsApp Image 2026-06-22 at 14.39.20 (1).jpegWhatsApp Image 2026-06-22 at 14.39.21.jpeg