Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтының ұстаздарына және қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, қаржылай қолдау білдірілді.
Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғыс ретінде арнайы сый-құрмет жасалып, қаржылай көмек табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін институттың бітіруші түлектеріне арнап қолдан тігілген шапан мен тақия, сондай-ақ костюмдер сыйға берілген болатын.
Бұл игі бастама ұстаздар мен шәкірттерге деген құрметтің айқын көрінісі болып, білім ордасының рухани құндылықтарын дәріптеуге өз үлесін қосуда.






