Печать
Просмотров: 22

1 қазан – Қарттар күніне орай «Зекет және қайырымдылық» қоры игі дәстүрді жалғастырып, ардақты аналарға құрмет көрсетті.

Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы аналарға, сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арнайы көңіл бөлінді. Оларға қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері табысталды.

Шараның негізгі мақсаты – үлкенге құрмет көрсету, қамқорлық пен жанашырлық таныту, мұқтаж жандарға қолдау білдіру.

Ұйымдастырушылар аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілеп, ізгі лебіздерін жеткізді.

 

WhatsApp Image 2026-10-02 at 09.53.56.jpegWhatsApp Image 2026-10-02 at 09.53.57.jpegWhatsApp Image 2026-10-02 at 09.53.57 (1).jpegWhatsApp Image 2026-10-02 at 09.53.57 (2).jpeg