«Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен әйелдердің кәсіптік дағдыларын дамытуға бағытталған «Шелкография» оқу курсы ұйымдастырылды.
Курс барысында қатысушылар шелкография әдісінің қыр-сырын меңгеріп, арнайы құрылғылармен жұмыс істеу, түрлі бұйымдарға бейне мен жазу түсіру бойынша тәжірибелік білім алды.
Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Жобаның негізгі мақсаты – әйелдердің жаңа кәсіп игеруіне мүмкіндік жасау, еңбекке баулу және болашақта өз кәсібін бастап, тұрақты табыс табуына қолдау көрсету.









