Печать
Просмотров: 17

ҚМДБ РАНТ мүшесі, “Зекет және қайырымдылық” қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Талдықорған қаласында бірқатар шараға қатысты. 

Жетісу жеріне жұмыс сапарымен барған РАНТ мүшесі алдымен Бас имам Керімбек Сәрсембайұлының бастамасымен және кәсіпкерлердің қолдауымен салынған үйдің кілтін жалғызбасты анаға табыс етті.

Кейін қаладағы Тіл сарайында облыстың имамдарына “Зекеттің қоғамдағы орны” тақырыбында семинар өткізді.

Сонымен қатар, діни-ағарту бағытында орталық “Иман ” және қалалық “Нұр”мешіттерінде жамағатпен жүздесіп, “Бірлігі жарасқан жамағат”, “Қайырымды жан” тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Мақсатбек Мақсотұлы “Jetisu life” подкаст студиясында да қонақта болып, зекет және қайырымдылық, білім алудың артықшылығы, ұстазға құрмет, ізденіс пен ізгі амалдардың маңызы жөнінде ой бөлісіп, сұхбат берді.