Печать
Просмотров: 1191

Құдіреті шексіз Жаратушы Алла таңдаулы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) арқылы мұсылмандар қауымына арнап бес парызды бекітті. Солардың бірі – Зекет. Исламда «Зекет» сөзі мынадай мағыналарға ие: көбею, өсу,берекет, тазару, молшылық, мейірімділік үшін алғыс айту. «Зекет» сөзінің терминологиялық мағынасы: қоғамдағы мұқтаж адамдарға қаржыны (мүлікті) риясыз көмек ретінде, нисабқа (белгілі мөлшерге) жететін байлыққа ие болған адам, байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін беруі.

Зекет – тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мал – мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (Ат-Табарани)- деген хадисі көп нәрсені аңғартса керек.