Нұр шашқан Рамазан айының құрметіне берілген зекетті мұқтаж отбасыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров өз қолымен тапсырды.
https://zeket.online/8-ourworks/137-32.html#sigProIdcb0dcf3252
«Қасиетті айда мұқтаждарға қолдау көрсету – қайырлы амалдардың бірі. Зекет - Ислам дінінде намаздан кейін орын алатын бес парыздың бірі. Өйткені, ол Құранның жиырма жеті жерінде намазбен қатар қайталанған. Зекет асыл дініміз Исламда көбею, өсу, тазару, ағыл-тегіл, берекет, нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды. Зекет тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Зекеттің қайыр-сауабын Алла реттейді» дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.
Айта кетелік, ізгі шара кезінде 32 отбасының әрқайсысына 25 мың теңгеден берілді.