Печать
Просмотров: 776

Зекетке берілген мал не тірідей, не еттей үлестіріп келеді. Ол көмек мешіт тізімінде тұрған жәрдемге шын мұқтаж отбасыларға беріледі.

Кей зекет берушілер асығыстық танытады. Шариғат шарты – берген садақа мен зекет, жасаған жақсылықты сол сәтте ұмытып кету, яки, бұлдамау екенін ұмытпауымыз керек.

Қазығұрт аудандық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Он отбасыға ет пен азық-түлік жеткізілді.

Жомарт жандарға Алла Тағала берекесін берсін, қайырымдылықтарын қабыл етсін!