Печать
Просмотров: 711

Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының жанындағы Зекет корпоративтік қоры көмекке зәру 50 отбасыға қаржылай зекет таратты. Алланың нәсіп етуімен қаржылай көмек алған адамдар қатарында жалғызбасты аналар, еміне қаражат қажет болған науқастар, мүгедек жандар қамтылды. Өздеріне жасалған жақсылыққа разы болып, көңілдеріне қуаныш ұялған көпшілік жиын соңында «Зекет» қорына алғыстарын айтып, дұға жасап тарқасты.