Печать
Просмотров: 614

Мешітке адамдар әрқандай себептермен келеді. Кім аяқ басса да, Алла Тағала құр алақан қайтармайды. Дұғасы сөзсіз қабыл болады.

Мешіттен материалдық көмек сұрап келгендердің өтініші мүмкіндікке қарай қанағаттандырылады. Арнайы комиссияның сұрыптауынан өткендерге беріледі.

Облыстық мешітте наиб Мүфтидің қатысуымен 50 отбасыға көмек берілді. Бауыржан Әбдірашұлы мешітке келген әрбір жан Алла Тағаланың мейірімін сезінуі керектігін айтты.

Бүгін көмек алғандардың қатарында зағип және І-топтағы мүгедектікке таңылған жұмысқа жарамсыз, шын мұқтаждар бар.