Печать
Просмотров: 638

ҚМДБ «Зекет» қорының бастамасымен жүргізіліп жатқан «Берекелі нан» жобасы өз жалғасын табуда. Қайырымдылық іс-шара аясында тегін нан қойылған сөрелер елордамыздың тағы екі дүкеніне орналастырылды. Олар:

iBatyr» дүкені, Ұлы Дала к-сі, 27/3;

-«DAmart» минимаркеті (бұрынғы «Дастан» дүкені), Ш. Құдайбердіұлы, 38А.

 

Бұл жобаның мақсаты – зейнеткерлерге, ардагерлерге, мүгедектер мен мұқтаж жандарға, күнделікті нан алуға қаражаты жетпейтін жандарға арнайы тегін нан қойылған стеллаждар арқылы көмек көрсету.

Бұған дейін осындай сөрелер 3 дүкенде қойылған:

-«Слобода», Абай д-лы, 9А;

-«Тәтті», Габдуллин к-сі, 3;

-«Азамат», Ы. Дүкенұлы к-сі,13.

«Зекет» қайырымдылық қоры бұл игі шараға үлестерін қосып жатқан жандарға – дүкендер мен минимаркеттердің директорларына өз алғысын білдіріп, істеріне береке мен сәттілік тілейді.

Сіздерде де осындай қайырымды істен жырақ қалмаңыздар! Қамқорлыққа зәру жандармен өз жылуыңызбен бөлісіңіздер! Ол үшін көп қаражатыңыздың болуы шарт емес.

Мұқтаж жанды тамақтандырып, сауап жинаймын десеңіз, нан-тоқаш өнімдерін сатып алып, жоғарыда мекен-жайлары көрсетілген дүкендердің «Берекелі нан» сөресіне қалдырып кетсеңіз болады.

 Бір бөлке ыстық нан немесе басқа да піскен тәтті өнімдер – жақсылық пен қайырымдылықтың кішігірім мейрамы. Бұл шын жүрек пен риясыз ықыласпен болған игі іс!

Әрқайсыңызды жүрек үніне құлақ асып, жақсылыққа ат салысуға ниеттеніп, қайырымдылық істерде көмек көрсетуге шақырамыз!

Байланыс телефондары:

8 (7172) 999 869

8 775 417 19 12

«Зекет» қорының баспасөз қызметі