Печать
Просмотров: 571

Адамдардан жылуын аямайтын жаннан Жаратқан Жаббар Иеміз де мейірімін аямайды. Бүгінде жат тұрмақ, үй ішінде бір ауыз жылы сөзге зәрулік туындап жатқаны жасырын емес.

Өз отбасыңыз бен өзгелерге де мейіріммен қараңыз, Алла Тағаланың шапағатына бөленесіз. Ал, қолдан келгенше сыйлық жасасаңыз, алушыны қуантасыз әрі мол сауапқа кенелесіз.

Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы “Ергешбай Нұрлыбайұлы” мешітінің мейірбан жамағаты жақсылық жасаудан жалықпайды. Мешіт имамы Асылбек Тәжиев қамкөңіл жандары бар, төрт отбасыға азық-түлік пен қаржылай көмектерді жеткізіп берді.

Қасиетті Құранда кім титтей жақсылық жасаса, соның қарымын алатыны айтылған. Алла Тағала атымтай азаматтарға разы болсын!