Печать
Просмотров: 548

Адам өз қалауымен мүгедек боп тумайды. Ол да адам баласы.

“Өзіңнен жоғарыны көріп пікір ет, төменді көріп шүкір ет” деген, дана халық. Сондықтан кембағал жандарды кемсітпей, деніңіздің саулығы үшін Алла Тағалаға шүкіршілік еткен жөн.

Келес ауданына қарасты “Халық қажы” мешітінің имамы Нұрбек Момбеков Ақ-қорған ауылында тұратын қамкөңіл балаларды зиярат етті. Құр алақан бармай, базарлықтар үлестіріп қайтты.

Алла Тағала дендеріне саулық берсін, бақытты қылсын! Жылу сыйлаған жомарттарға алғыс айтамыз.