Печать
Просмотров: 712

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қоры 50 отбасыға жарты миллион тенгеге көмек көрсетті. Әр отбасыға сый ретінде керекті азық – түлік берілді. Іс – шараға «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров және қор қызметкерлері қатысты.

Акция аясында Алматы қаласының аз – қамтылған, мұқтаж, көп балалы отбасыларға және қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетілді. Қор директоры Талғат Омаров қайырымдылықтың Ислам дініндегі маңыздылығын айта өтіп, бұндай іс – шаралардың алдағы уақытта жалғасатынын баяндады.

Айта кетсек, «Зекет» қоры басқа да жобалар ұйымдастыруда. «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында жақын арада Қызылорда облысының 3 отбасына баспаналарының кілті берілуде. Осылайша, бұл бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін 111 мұқтаж отбасы пәтер алған болады. Бұл жоба да әлі күнге дейін жалғасуда.

Жалпы алғанда, 2019 жылының бірінші жарты жылдығында Еліміз бойынша «Зекет» қоры тарпынан 30 000 астам отбасыға көмек көрсетілді. Қор қызметкерлері бұл санның, Алланың көмегімен, өсуіне үміттенеді. Мұқтаждарға көмек көрсеткендерге – көмегін Алла көрсетеді.