Печать
Просмотров: 581

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен бастау алған «Ел үлесі пәтерге жобасы» аясында Қызылордалық үш отбасыға пәтер кілті табысталды.

Құрбан айтта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне айт намазын оқуға жиылған жамағат алдында республика бойынша №109 пәтер кілтін жанұясына табыс етті.

Дәл осы сәтте, Қармақшы аудандық мешітінде де барша жамағат №110, №111 пәтерлерге ие болған екі бірдей отбасының еселенген қуанышына куә болды.
Сонымен қатар, мұсылмандардың ұлық мерекесінде Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында кезекті пәтердің қазығы қағылып, құрылысы басталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі