Печать
Просмотров: 613

Құрбандыққа түйе шалу – Ибраһим а.с Пайғамбардың заманынан орындалып келе жатқан амал. Қазіргі заманда көбінесе Меккеде Рахманның разылығы үшін түйе атайтындар баршылық.

Қанша табыс тапсаңыз да он екі айға шақсаңыз, жылында бір шалуға болатын құрбандықтың құны білінбей кетеді. Есесіне, сауабы да, екі дүниелік қайыры да мол.

Ахмет Тоқтыбайұлы деген азамат сауапты іске 1 түйесін қиды. Онысымен қоймай, Арыстағы 17 секторға бір-бір қошқардан таратып берді.

“Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсіңнің” кері келіп, көл-көсір ет болды. Өкіл имам жұртшылыққа құрбан шалудың қасиеті мен пайдасын айтты.

Мұсабек Ақтамберді:

“Уа, Раббымыз! Құрбан шалған жандарға малдың қанша тал қылы болса, сонша әжір сауаптан жазғайсың, аққан қанын тозақ отынан қалқан қылғайсың, жәннатта мейірі қанып ішер бұлақ еткейсің, алдыңда абыройын асырғайсың!”- деп батасын берді. Алла Тағала қабыл етсін!